
Инфекциялық арулардың арасында құтырма абсолюттік өлім-жітімнің жоғары болуына байланысты ерекше орын алады (егер алғашқы сағаттарда жұқтырған адамға медициналық көмек көрсетілмесе, ол сөзсіз қайтыс болады).

Солтүстік Қазақстан облысы құтырманың табиғи ошағы аймағында орналасқан. Табиғи ошақтарындағы эпизоотиялық белсенділік қыс-көктем кезеңінде байқалады, осы кезде қауіпті вирус жабайы жануарлар арқылы елді мекендерге жиірек әкелінеді, онда иттер, мысықтар, шаруашылық жануарларына жұқтырылады және адамдарға жұқтыру қаупі артады.

Солтүстік Қазақстан облысында жүргізілген белсенді профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде 1998 жылдан бері адамдардың арасында құтырма ауруы тіркелмеген.

2026 жылдың І-тоқсанының қорытындысы бойынша облыс халқы арасында құтырма бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы болды, адамдардың ауру жағдайлары тіркелген жоқ.

2026 жылдың 3 айында облыс бойынша антирабиялық көмекке 385 адам жүгінген, (2025 жылдың сәйкес кезеңінде - 231 адам.
2025 жылмен салыстырғанда халықтың антирабиқалық көмекке жүгінуінің 67 % (немесе 1,6 есе) өсуі байқалады.

Тістеуден, тырнаудан зардап шеккендердің арасында 214 адам немесе 55,6% иттермен байланыста болғаннан кейін, 139(36,1%) адам мысықтармен байласта болғаннан кейін жүгінген, сондай-ақ 22 (5,7%) адам басқа жануарлардан (ІММ,тышқандар, егеуқұйрықтардан, тиіндерден) зардап шекті. Ит тістеуден, тырнаудан зардап шеккен 214 адамның ішінен 107 адам қаңғыбас иттердің тістеуінен(50,0%) зардап шекті.

Антирабиялық көмекке жүгінудің барлық жағдайлары бойынша эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тергеу жүргізілді.

Жүгінгендердің ішінен екпені алуға 385 адам, оның ішінде шартты курс бойынша 195, шартсыз 190 адамға тағайындалды. 385 адам екпені алды, оның ішінде антирабиялық вакцинаны – 180, иммуноглобулин + антирабиялық вакцинаны – 205.

Жүгінгендердің жалпы санына қатысты ауыл тұрғындардың жүгіну пайызы 52,9% құрайды.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес иттерді байлауда, үйшікте немесе қоршауда ұстау керек, серуендеуге қарғыбаумен және тұмылдырықта шығару жөн. Үй жануарларының инфекция көзі болуы мүмкін қаңғыбас жануарлармен байланысына жол бермеу керек. Барлық иттер құтыруға қарсы егуге жатады.

Адамдарға құтырма инфекциясы негізінен тістеу және ауру жануарлардың сілекейі арқылы пайда болады. Вирус жараға сілекеймен еніп, нерв жүйесі арқылы қозғалып, орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Жұққан кезден бастап аурудың белгілері пайда болуға дейін бірнеше күннен бір жылға дейін уақыт өтуі мүмкін.

Барлық жануарлар шаққан адамдарға шағылған жерді 15-20 минут бойы (кемінде) сумен және сабынмен дереу жуу қажет, жараның шеттерін 70% спирт немесе 5% йодтың спирттік ерітіндісімен өңдеу қажет және мүмкіндігінше тезірек медициналық мекемеге жүгіну қажет, онда тегін түрде құтыруға қарсы иммунизация жүргізіледі.

Құтырма – бұл емделмейтін ауру, өлім тыныс алудың салдануынан және жүрек қызметінің әлсіреуінен болады. Адам толық санада және қорқынышты азапта өледі.

Ауруды тек вакцинация арқылы болдырмауға болады!

Профилактикалық екпелер ауыртпалықсыз және оңай төзімді. Екпе салынған кезде витаминдерге және белоктарға бай күшейтілген тамақтану ұсынылады, сондай-ақ дененің салқын тиюінен, қызуынан, шаршауынан аулақ болу керек, алкогольдік ішімдіктерді ішуден де бас тарту қажет.

Екпелердің тиімділігі оларды уақтылы жүргізуге байланысты. Кез келген өткізіп алған күн – өлім қаупі! Өзіңізді күтіңіз!