
23 сәуірде СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.С. Күшбасовтың төрағалығымен иммунопрофилактиканың өзекті мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинарға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, аудандық ауруханалар мен қалалық емханалардың директорларының орынбасарлары, дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері, ауданның бас педиатрлары мен терапевтері, сондай-ақ «Ұлттық сараптама орталығы» СҚО филиалының вирусологиялық және бактериологиялық зертханаларының мамандары қатысты.

Семинар барысында 2026 жылы Иммундау ұлттық апталығын өткізу, ҚР мен СҚО вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай, вакцинациядан бас тарту мәселелері және медицина қызметкерлерінің коммуникациялық дағдыларының рөлі, жатыр мойны обырының алдын алу, профилактикалық егулерден медициналық босатудың негізділігі, вакциналарды сақтау мен тасымалдауда «суық тізбекті» сақтау, вакциналық қоймаларға қойылатын санитариялық талаптар, сондай-ақ эпидемиологиялық қадағалау, эпидемияға қарсы іс-шаралар және жұқпалы аурулар кезінде сынамаларды алу мен тасымалдау қағидалары қарастырылды.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.