
«СЭҚ» сервистік бағдарламалық өнімі (СЭҚ СБӨ) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау процестерін автоматтандыруға арналған.
Жүйеде бақылаудағы объектілердің паспорттары және бизнес субъектілері мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға арналған жеке кабинеттер іске асырылған. Бұл кабинеттерде есептілікті ұсыну мүмкіндігі, объектілер, рұқсат беру құжаттары, персонал, медициналық тексерулер, өндірістік бақылау және айыппұлдар туралы ақпарат қолжетімді.
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы бойынша СЭҚ СБӨ жүйесінде 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, 7 мыңнан астам бизнес объектілері туралы деректер енгізілген.
СЭҚ СБӨ жүйесінде тіркелу және жұмыс істеу мәселелері бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық бөлімшелеріне хабарласуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/about/structure/87/1?lang=kz
Жүйеге кіру сілтемесі: https://e-sen.kz/
СЭҚ СБӨ пайдаланушы нұсқаулығы (бизнес субъектілері үшін):
https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-sko/documents/details/1000454?lang=kz