
17 сәуірде СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А.С. Күшбасовтың төрағалығымен кене энцефалиті мен Лайм ауруының эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті.

Семинарға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, бас дәрігерлердің емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық ауруханалар мен қалалық емханалардың бөлім меңгерушілері, инфекционист дәрігерлер және медициналық ұйымдардың госпитальдық эпидемиологтары қатысты.

Семинар аясында кене арқылы берілетін вирустық энцефалит пен Лайм ауруы бойынша эпидемиологиялық жағдай, эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, диагностика және емдеу мәселелері, сондай-ақ биоматериалды алу және тасымалдау қағидалары қарастырылды.

Баяндамалармен департамент, медициналық ұйымдар және ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК СҚО филиалының өкілдері сөз сөйледі.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасты, қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.