
16 сәуірде СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Департамент басшысының орынбасары — Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен департамент және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының қатысуымен семинар-кеңес өтті.

Іс-шара барысында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында СҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Г.С. Исумгалиева баяндама жасады.

Сонымен қатар, Департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаев «Мемлекеттік қызметшінің моральдық-этикалық құндылықтары» тақырыбын қозғады.

Семинар-кеңес қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.