📌КЕНЕ ШАҒУЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ ЖӘНЕ КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

📌КЕНЕ ШАҒУЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ ЖӘНЕ КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?
🌱 Көктем мезгілінің басталуымен кенелердің белсенділік кезеңі басталады. Қазіргі таңда облыста кене шағуына байланысты 39 адам дәрігерлерге жүгінген, алайда кене энцефалиті жағдайлары тіркелген жоқ.
🙌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мынаны ескертеді: қарапайым алдын алу шаралары ауыр салдардың алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі.
🔹 Кене энцефалиті — кененің шағуы арқылы берілетін вирустық ауру, ол ми мен жұлынды зақымдауы мүмкін. Ауыр жағдайларда бұл дерт күрделі асқынуларға әкелуі ықтимал, сондықтан дер кезінде қорғану шараларын қабылдау маңызды.
📌 Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақты:
• ауру жағдайлары тіркелмеген;
• кене шағуына байланысты 39 адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде 14 жасқа дейін балалар арасында - 13 шағу.
👌 Кене шағуының профилактикасы шаралары қарапайым әрі қолжетімді:
- Вакцинациялау — ең сенімді қорғаныс тәсілі (алдын ала жоспарлаған жөн);
- Киім — жабық, ашық түсті, жеңі тығыз манжеталы болуы тиіс;
- Репелленттер — кенелерге қарсы арнайы құралдарды пайдалану;
- Табиғаттағы мінез-құлық — биік шөптерден аулақ болу, өзіңізді және балаларды үнемі тексеріп отыру;
- Қауіпсіз тамақтану — сүтті міндетті түрде қайнатып ішу.
🔹 Егер кене теріге жабысып қалса, сабыр сақтап, дұрыс әрекет ету қажет:
- кенені пинцет немесе жіп көмегімен абайлап алып тастау;
- шағу орнын антисептикпен өңдеу;
- мүмкіндігінше кенені зертханаға талдауға тапсыру;
- міндетті түрде дәрігерге қаралу — қажет болған жағдайда 72 сағат ішінде иммуноглобулин енгізіледі.
СҚО СЭБД мынаны атап өтеді: кене энцефалиті — басқарылатын қауіп. Қарапайым қағидаларды сақтау және дер кезінде медициналық көмеккежүгіну өзіңізді және жақындарыңызды тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
💪 Өзіңізді сақтаңыз және табиғат аясында демалу кезінде мұқият болыңыз.