📌«Балалар тауарларын таңбалау»

📌«Балалар тауарларын таңбалау»
✨Қазақстанда балалар тауарларына қойылатын талаптар заңнамамен реттеліп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, нарықтың ашықтығын және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Міндетті таңбалау балалар мен жасөспірімдерге арналған барлық тауарларға, соның ішінде ойыншықтарға, киімге, коляскаларға, спорттық тауарларға және басқа да тауарларға қолданылады.
⚜️Қазақстанда балалар өнімдеріне қойылатын талаптар келесі нормативтік құжаттарда бекітілген:
1. «Балалар мен жасөспірімдерге арналған өнімнің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО 007/2011 КО ТР техникалық регламенті. Талаптарға сәйкес келмейтін тауарды Қазақстан аумағында сатуға болмайды.
2. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» заң, ол ойыншықтың қаптамасына, жапсырмасына немесе қосымша парағына қолданылатын міндетті мәліметтерді белгілейді.
⚡️Бұл нормалар өндірушілерге, импорттаушыларға және балалар тауарларын сатушыларға бірыңғай ережелерді қамтамасыз етеді.
✍️Өнімді таңбалауда келесі ақпарат болуы тиіс:
• өнім дайындалған елдің атауы;
• өндірушінің (өндіруші уәкілет еткен тұлғаның) атауы мен орналасқан жері;
. импорттаушы, дистрибьютор;
• өнімнің атауы және түрі (мақсаты);
• дайындалған күні;
• нарықта айналымға бірыңғай белгі;
• өнімнің қызмет мерзімі (қажет болған жағдайда);
• кепілдік қызмет мерзімі (қажет болған жағдайда);
• тауарлық белгі (бар болған жағдайда).
✍️Ойыншықтар үшін қосымша мыналар көрсетіледі:
• өндірушінің атауы немесе оның тауарлық белгісі;
• ойыншықтың атауы;
• негізгі пайдалану шарттары;
• өндірілген күні;
• шыққан елі.
✨ҚР-дағы тауарларды таңбалау толық, сенімді, анық болуы керек және мемлекеттік (қазақ) және орыс тілдерінде жазылуы тиіс.
⚡️Тауарлардың әртүрлі санаттары үшін ерекше талаптар
• Сосқалар мен емізгіштер: жабық қаптамада таңбаланады, қолдану, күтім және қызмет мерзімі жөнінде нұсқаулар болуы керек.
• Киім және тоқыма өнімдері: материалдың құрамы, көлемі, күтім белгілері және күтім жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.
• Коляскалар: пайдаланушының жасы, құрастыру және пайдалану жөніндегі нұсқаулар, кепілдік мерзімі таңбалауға енгізіледі.
• Велосипедтер мен спорттық тауарлар: пайдаланушының жасы мен салмағы, құрастыру және пайдалану жөніндегі ұсынымдар көрсетіледі.
⚡️Балалар тауарларын міндетті түрде таңбалау:
• балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
• контрафактілік және қауіпсіз емес өніммен күресуге;
• нарықтың ашықтығын арттыруға;
• мемлекеттік органдардың бақылауын жеңілдетуге көмектеседі.
⚜️Қазақстан аумағында сатылатын барлық балалар тауарлары таңбалануы тиіс. Ол қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді және өндіруші, өнімнің атауы, шығу елі, дайындалған күні және пайдалану жөніндегі нұсқаулар туралы ақпаратты қамтиды.
⚡️Уытты материалдардан жасалған, аллергия немесе улануға әкелуі мүмкін өнімді сатып алу қаупін болдырмау үшін стихиялық сауда орындарында және күмәнді интернет-дүкендерде сатып алудан аулақ болу керек. Балалар тауарларын қауіпсіздік сертификаттарымен растай алатын мамандандырылған дүкендерде және ірі сауда желілерінде ғана сатып алу керек.