Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌2026 жылғы 6 сәуірде СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Т.Л. Горлованың төрағалығымен сумен жабдықтау объектілерінің су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
✍️Аталған іс-шараға аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары және облыстың сумен қамтамасыз ету ұйымдарының өкілдері қатысты.
💦Кеңес барысында сумен жабдықтау объектілерінің су тасқыны кезеңіне дайындығы, зертханалық бақылауды жүргізу, дезинфекциялау құралдары мен реагенттердің жеткілікті қорының болуы мәселелері талқыланды.
💧Кеңес қорытындысы бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қолданыстағы заңнама шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы аумағында ауыз су сапасын бақылау бойынша қажетті іс-шараларды жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.