Судың сапасы - өмір сапасы

Судың сапасы - өмір сапасы

Ауыз су қауіпсіз таза, химиялық құрамы жағынан зиянсыз және қолайлы органолептикалық қасиеттерге ие болуы керек. Өйткені, таза су энергия беріп, денені пайдалы минералдармен байыта алады.

Халықты сумен жабдықтау жағдайын бақылау Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 26, 2020 жылғы 13 қарашадағы № ҚР ДСМ-193/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық қызметі облыс халқына берілетін ауыз су сапасына ай сайынғы санитариялық-эпидемиологиялық мониторингті жүзеге асырады.

2025 жылы Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы су құбыры ауыз суының сапасы ұсынылған гигиеналық нормалар шегінен асқан жоқ. Микробиологиялық көрсеткіштерге 2589 сынама зерттелді, оның ішінде гигиеналық нормативтерге 4 немесе 0,1% сәйкес келмеді; санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 2516 сынама зерттелді, оның ішінде гигиеналық нормативтерге 83 немесе 3,3% сәйкес келмеді. Барлық анықталған нормаларға сәйкес келмейтін су сынамалары бойынша жуу, дезинфекция жүргізу бойынша шаралар қабылданды, кейін суды қайта зерттеу кезінде су сынамалары гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келді.

Су сапасының нашарлауының көптеген себептері бар, бұл белгілі бір минералдар бойынша жер үсті және жер асты суларының табиғи минералдануы, маусымдық сипаты (су тасқыны, қардың еруі кезінде), сондай-ақ су құбыры желілерінің, құдықтардың тозуы кезінде, апаттар  салдарынан және басқа да көптеген себептер бойынша қайта ластану.

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу және су арқылы жұғатын жаппай жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қарапайым алдын алу шараларын сақтауды ұсынамыз, яғни қайнатылған немесе бөтелкедегі суды тұтыну, тамақ дайындау, көкөністерді жемістерді жуу үшін тазартылған суды пайдалану, қол жуудың қарапайым гигиеналық ережелерін сақтау.

 Ауыз су денсаулыққа барынша пайда әкелуі үшін суды өте мұқият таңдау керек.

 

Қауіпсіз таза суды ішіңіз және  дендеріңіз сау болсын!