📌 СҚО-ның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2025 жылға қорытынды жасалды

📌 СҚО-ның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде 2025 жылға қорытынды жасалды
📌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде ведомство басшысы Әсет Жұматаевтың төрағалығымен Алқа отырысы өтті. Отырыста 2025 жылғы қызметтің қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге басты міндеттер анықталды.
⚡️Алқа отырысына департаменттің орынбасарлары, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының директоры, департамент бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ онлайн режимде (Zoom) — департаменттің аумақтық басқармаларының басшылары қатысты.
✍️Алқа отырысында қызметтің негізгі бағыттары қаралды.
📊 Департамент басшысының орынбасары Татьяна Горлова «2025 жылғы санитариялық-гигиеналық бақылау саласындағы проблемалық мәселелер және 2026 жылға міндеттер» тақырыбында баяндама жасады.
📊 Департамент басшысының орынбасары Арман Күшбасов «2025 жылғы эпидемиологиялық бақылау саласындағы проблемалық мәселелер және 2026 жылға міндеттер» тақырыбында баяндама жасады.
📊 «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының директоры Қаирғали Исенеев филиалдың 2025 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2026 жылға міндеттерді таныстырды.
📊 Департамент басшысының орынбасары Самат Барменбаев этикалық нормалар мен ережелерді сақтау, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы профилактикалық шаралар туралы баяндады.
📌 Отырыстың қорытындысы бойынша жұмыстың тиімділігін арттыруға және облыс тұрғындарының санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттер анықталды.