СҚО-да құқықтық оқыту өтті

СҚО-да құқықтық оқыту өтті
📌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл
С.М. Барменбаевтың төрағалығымен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған, сондай-ақ қызметі тоқтатылғаннан кейін қайта қабылданған тұлғаларға арналған құқықтық жалпы оқыту өткізілді.
⚡️Семинар барысында «Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметте болуға байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» тақырыбында департаменттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.М. Әріпхан баяндама жасады.
⚡️С.М. Барменбаев мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаттары мен стандарттарын сақтау мәселелері туралы айтып өтті. Сонымен қатар, ол мемлекеттік қызметке алғаш рет немесе қайта қабылданатын азаматтарға қатысты кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қойылатын шектеулер мен мүлікті сенімгерлік басқаруға беру мәселелеріне тоқталды.
✨Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасты. Қойылған барлық сұрақтарға толық әрі нақты жауаптар берілді.