📌«Тұз және денсаулық» тақырыбында студенттермен кездесу

📌«Тұз және денсаулық» тақырыбында студенттермен кездесу
⚡️13 наурыз күні СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мониторинг, талдау және тәуекелдерді бағалау бөлімінің мамандары Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді.
✨Студенттерге «Тұз және денсаулық» тақырыбында дәріс оқылды. Іс-шара барысында қатысушыларға тұзды шамадан тыс тұтынудың алдын алу және дұрыс тамақтану тақырыптарында бейнероликтер көрсетіліп, олардың қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.