📌 СҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әсет Жұматаев жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барды.

📌 СҚО бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әсет Жұматаев жұмыс сапарымен Тайынша ауданына барды.
⚜️ Сапар барысында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен жұмыс кеңесі өткізіліп, онда 2025 жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды.
✨ Қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес инфекциялық және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету тапсырылды.
⚡️ Халықты профилактикалық егумен қамту мәселесіне ерекше назар аударылды. Вакцинамен басқарылатын инфекцияларға қарсы екпе алу мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
⚜️ Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын және Әдеп кодексінің талаптарын сақтау қажеттігі еске салынды.
🚘 Сонымен қатар мемлекеттік органның автокөлігі мен мүлкі тек қызметтік мақсатта пайдаланылуы тиіс екені атап өтілді.
✨ Кеңес соңында мемлекеттік қызметшілер диалог форматында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды.