Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
⚡️4 наурыз күні Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында білім беру ұйымдарында тамақтану стандарты талаптарын енгізу және сақтау, сондай-ақ тағамнан уланудың алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті.
📌Іс-шара басқарма басшысы
Д.У. Оспановтың төрағалығымен өтіп, оған медициналық қызметкерлер мен «Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ өкілдері қатысты.
👩🏻‍💻«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-302 бұйрығымен бекітілген Тамақтану стандартына сәйкес мектептерде тамақтануды ұйымдастыру»тақырыбында СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлімінің басшысы Г.А. Асылбекова баяндама жасады.
👩🏻‍💻Қалалық басқарманың бөлім басшысы
А.С. Иргибаева білім беру ұйымдарында тамақтану стандарты талаптарын енгізу және сақтау бойынша медициналық қызметкерлерге арналған әдістемелік ұсынымдар туралы баяндады.
👩🏻‍💻Басқарманың бас маманы
Б.С. Есингалиева тағамнан уланудың алдын алу шаралары жөнінде ақпарат берді.
📌Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.