🩺2026 жылғы 4 наурызда Көпбейінді облыстық ауруханада СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп медициналық ұйымдар басшыларын аттестаттаудан өткізді.
Іс-шара барысында бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың директорлары, перинаталдық орталықтардың директорлары, сондай-ақ иммунопрофилактика мәселелеріне жауапты денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасарлары аттестаттаудан өтті.
Аудан деңгейіндегі басшыларды аттестаттау онлайн форматта, қала деңгейіндегі басшыларды аттестаттау офлайн форматта өткізілді.
Аттестаттауды өткізу басқарушылық қызметтің тиімділігін арттыруға, көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға, сондай-ақ өңірдегі иммунопрофилактика мәселелері бойынша жұмысты күшейтуге бағытталған.