📌 Қызылшаға қарсы вакцинация – жалғыз сенімді қорғаныс!

📌 Қызылшаға қарсы вакцинация – жалғыз сенімді қорғаныс!
⚡️Қызылша – ауа-тамшы жолымен берілетін, жұқпалығы өте жоғары қауіпті вирустық ауру. Инфекция ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін: ми қабықтарының қабынуы (энцефалит), өкпенің зақымдануы (пневмония), ортаңғы құлақтың қабынуы (отит). Кейбір жағдайларда ауру өліммен аяқталуы мүмкін.
💉Қызылшаны арнайы емдеу әдісі жоқ. Аурудың алдын алудың жалғыз тиімді тәсілі – уақытылы вакцинация.
💉Қазақстанда қызылша, қызамық және паротитке қарсы (ҚҚП) біріктірілген вакцина қолданылады. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы Ұлттық егу күнтізбесі аясында 1 жас және 6 жастағы балаларға салынып келеді және өзін сенімді, тиімді әрі қауіпсіз вакцина ретінде көрсетті. Бұл вакцинаның өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан сертификатталған, бұл оның жоғары сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай екенін дәлелдейді.
📌Жыл басынан бері облыста қызылшаның зертханалық расталған 15 жағдайы тіркелді (2025 жылдың осы кезеңінде 26 жағдай тіркелген, бұл 42%-ға төмендегенін көрсетеді).
📈Аумақтық тиістілігі бойынша 6 жағдай немесе 40%-ы Петропавл қаласында тіркелген; 2 жағдайдан — Ақжар, Мамлют және Уәлиханов аудандарында; 1 жағдайдан — Қызылжар, Шал ақын аудандарында және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданында тіркелген.
📉Жас құрылымы бойынша науқастардың ең көп саны 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді — 60% немесе 9 жағдай.
📊Қызылшамен ауырғандардың 94%-ында осы инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсы болмаған.
💉Аурудың алдын алу үшін екпе алу — қызылшаның ауыр салдарларымен бетпе-бет келгеннен әлдеқайда жеңіл әрі қауіпсіз.
📌Есіңізде болсын: сіздің және балаларыңыздың денсаулығы — өз қолыңызда!