📌 🦠 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ПРОФИЛАКТИКА ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДЕ

📌 🦠 ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ПРОФИЛАКТИКА ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУДЕ
🦠Қызылша бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдайға жауап ретінде Денсаулық сақтау министрлігі эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар кешенін кеңейтті.
🩺Жағдай тұрақталғанға дейін 6-10 айлық балаларды қосымша иммундау енгізілді, бұрын егілмеген 2-5 және 7-18 жастағы балаларды, сондай-ақ расталған иммундаусыз 30 жасқа дейінгі медицина қызметкерлерін толықтырып вакцинациялау ұйымдастырылды.
📌Ұйымдастырылған ұжымдар мен әскери бөлімдерде вакцинацияланбаған адамдарды уақытша шеттетуді қоса алғанда, жоспарлы емдеуге жатқызуға және эпидемияға қарсы режимге қойылатын талаптар күшейтілді.
🦠Министрлік ахуалға мониторинг жүргізуді және ден қою шараларын үйлестіруді жалғастыруда. Уақтылы вакцинациялау және азаматтардың профилактикаға жауапкершілікпен қарауы халықтың денсаулығын сақтаудың және қызылшаның одан әрі таралуының алдын алудың негізгі шарттары болып қала береді.