
27 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында 2025 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша СҚО Денсаулық сақтау басқармасының кеңейтілген алқа отырысы облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевтың төрағалығымен өтті.

Алқа отырысында СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Т. Жұматаев баяндама жасап, өңірдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай мен иммунопрофилактиканың жай-күйін баяндады.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәкен Әмрин өткен жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындыларын ұсынып, саланы дамытудың басым бағыттарын айқындады.

Сондай-ақ алқа барысында дәрілік қамтамасыз ету, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және денсаулық сақтау саласын цифрландыру мәселелері талқыланды.