ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай
🗓️2025/2026 жылғы эпидемиологиялық маусымда 57 786 ЖРВИ жағдайы тіркелді.
📉Өткен эпидемиологиялық маусымның осы кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 8,4%-ға төмендеді (өткен маусымда — 63 117 жағдай).
📈Аурушаңдықтың ең жоғары көрсеткіші 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді — 37 196 жағдай, бұл 64,3% құрайды.
📊Соңғы аптада 3002 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 0,3%-ға төмендеді (3012 жағдай).
🦠2025/2026 жылғы эпидемиологиялық маусымда A(H3N2) тұмауының 221 жағдайы тіркелді.
🧪Алғашқы жағдай 2025 жылғы 7 қарашада тіркелді.
📊Жас ерекшелігі бойынша:
• 14 жасқа дейінгі балалар — 89 жағдай;
• ересектер — 132 жағдай.
🌡️Облыста тұмауға жатпайтын вирустардың 59 жағдайы анықталды, атап айтқанда: риновирустар — 32 жағдай, бокавирустар — 10 жағдай, аденовирустар — 4 жағдай, РС-вирус — 13 жағдай.
📍ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.
🩺ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгініп, дәрігерді үйге шақырып, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы.
📌ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін: үй-жайды күн сайын желдету, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарды пайдалану, аурудың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және уақытында ұйықтап, тамақтану сапасын бақылау қажет.