
20 ақпанда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл – Департамент басшысының орынбасары
С.М. Барменбаевтың төрағалығымен аумақтық басқарма мамандарына арналған семинар өтті.

«Жедел әрекет ету шараларын қолдану»тақырыбында құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.М. Әріпхан баяндама жасады.

Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы В.А. Дзубан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің СҚО бойынша департаментінің ақпараттық хаты бойынша ақпаратты ұсынды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптар және пайдаланылуы шектелген құжаттармен жұмыс істеуді түсіндірді.

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А.В. Барданова ҚР ӘҚБтК 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ресімдеу тәртібі туралы айтып берді.

Семинар барысында
С.М. Барменбаев мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті атап өтті.


Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.