
2026 жылғы 9 ақпанда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде департамент басшысы Әсет Жұматаевтың төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Бахыт Қайролаұлы Жанбуловтың, қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Сұлтанұлы Татваевтың қатысуымен «Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметі бойынша ақпарат» тақырыбына семинар өтті.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық бөлімшелері семинарға бейнеконференция режимінде қосылды, департамент мамандары офлайн режимінде қатысты.
Семинар барысында Әдеп жөніндегі Кеңес хатшылығының меңгерушісі Бахыт Қайролаұлы Жанбулов мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бағыттары, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормалары туралы түсіндірді. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер туралы сөз қозғалып, лудомания туралы айтылды.
Сондай-ақ іс-шараға қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Сұлтанұлы Татваев қатысып, көп жылдық қызметіндегі тәжірибесімен бөлісті.
Іс-шара барысында департамент қызметкерлері тарапынан сұрақтар қойылып, барлық сұрақтарға толық жауап берілді.