Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Меңдібайқызы Жақсыбаеваның ұзақ уақыт ауыр дертпен күресіп, дүниеден өткені туралы қайғыра хабарлаймыз

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Меңдібайқызы Жақсыбаеваның ұзақ уақыт ауыр дертпен күресіп, дүниеден өткені туралы қайғыра хабарлаймыз

Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Айгүл Меңдібайқызы Жақсыбаеваның ұзақ уақыт ауыр дертпен күресіп, дүниеден өткені туралы қайғыра хабарлаймыз.

Өзінің еңбек жолын Айгүл Меңдібайқызы 1996 жылы бактериолог-дәрігер болып бастады. 28 жылдан астам өмірін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жұмысқа арнады:

 – 1996-1997 жылдары – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның санитарлық қызметінде бактериолог-дәрігер;

– 1997-2003 жылдары – Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның санитарлық қызметінде эпидемиолог-дәрігер;

– 2004 - 2022 жылдары - Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында бас маман және бөлім бастығы лауазымдарында жұмыс істеді;

– 2022 жылдан  - Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы болды.

Көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін «Халық алғысы» медалімен, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, сондай-ақ ведомстволық және көтермелеу наградаларымен марапатталды.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұжымы Айгүл Меңдібайқызының отбасы мен жақын туыстарына қайғырып, көңіл айтады.

Айгүл Меңдібайқызы - өз ісінің шебер маманы, жанашыр әріптес, жүрегі кең әрі жауапкершілігі мол жан, оның жарқын бейнесі мәңгі есімізде сақталады.