
2026 жылғы 02 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында Нипах вирусы бойынша эпидемиологиялық жағдай, оның диагностикасы, емі және профилактикасы бойынша медициналық қызметкерлер мен департаменттің аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының аса қауіпті инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын мамандары үшін on-line режимінде облыстық семинар ұйымдастырылып өткізілді.
Семинардың мақсаты - медициналық қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, сонымен қатар медициналық қызметкерлердің Нипах вирусына күдіктену жағдайында әрекет ету алгоритмі болды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.