ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай
📌 2025/2026 эпидемиологиялық маусымында 44 159 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Өткен эпидемиологиялық маусымның сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 9,4%-ға төмендеген (өткен эпидмаусымда — 48 786 жағдай).
⚡️ Ауруға шалдыққандардың ең көп бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді — 29 074 жағдай, бұл 65,8%-ды құрайды.
⚡️ Соңғы аптада 2 424 ЖРВИ жағдайы тіркелді.
⚡️ 2025/2026 эпидемиологиялық маусымында A(H3N2) типті тұмаудың 215 жағдайы тіркелді.
⚡️ Алғашқы жағдай 2025 жылғы 7 қарашада тіркелді.
⚡️ Жас топтары бойынша:
• 14 жасқа дейінгі балалар арасында — 86 жағдай;
• ересектер арасында — 129 жағдай.
📍ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.
✨ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы.
✨ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін: үй-жайды күн сайын желдету, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарды пайдалану, аурудың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және уақытында ұйықтап, тамақтану сапасын бақылау қажет.