ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай
📌 2025/2026 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-нің 41 735 жағдайы тіркелді, өткен маусымның ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың 7,1%-ға төмендеуі байқалады (өткен эпидемиологиялық маусымда-44 972 жағдай).
⚡️Науқастардың ең көп саны 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалады —
27 728 жағдай немесе 66,4%.
⚡️Соңғы аптада ЖРВИ-нің 1 088 жағдайы тіркелді, алдыңғы аптамен салыстырғанда 33%-ға төмендеу байқалды (1 625 жағдай).
⚡️ 2025/2026 эпидемиологиялық маусымда A/H3N2 типті тұмаудың 207 жағдайы тіркелді.
⚡️Бірінші жағдай 2025 жылдың 7 қарашасында тіркелді.
⚡️Жас топтары бойынша:
* 14 жасқа дейінгі балалар - 78 жағдай;
* ересектер-129 жағдай.
📍ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.
✨ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы.
✨ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін: үй-жайды күн сайын желдету, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарды пайдалану, аурудың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және уақытында ұйықтап, тамақтану сапасын бақылау қажет.