📌Трансмайлар дегеніміз не?

📌Трансмайлар дегеніміз не?
⚡️Трансмайлар (май қышқылының трансизомерлері) – ерекше химиялық құрылымымен ерекшеленетін қанықпаған майлардың бір түрі. Олар табиғи да, өнеркәсіптік жолмен немесе тағамды қыздырғанда пайда болуы мүмкін.
✨Трансмайлардың түрлері:
• Табиғи трансмайлар күйіс қайыратын жануарлардың (сиыр, қой) еті мен сүт өнімдерінде аз мөлшерде кездеседі. Олар денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндірмейді;
• Өнеркәсіптік (жасанды) трансмайлар сұйық өсімдік майларын гидрлендіру процессінде пайда болады,осы кезде оларға қатты күйін беру және жарамдылық мерзімін ұзарту үшін сутегі қосылады. Денсаулыққа қауіп төндіретін негізгі осы майлар болып табылады.
• Термиялық трансмайлар өсімдік майларын қатты қыздырғанда (мысалы, 200°C жоғары температурада майда қуыру кезінде) пайда болуы мүмкін.
⚡️Трансмайлардың зияны.
✨Трансмайларды тұтыну жүрек-қантамыр аурулары мен өлім қаупінің жоғарылауымен байланысты. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өнеркәсіптік трансмайларын тұтынуды барынша азайтуды ұсынады, өйткені олар денсаулыққа өте теріс әсер етеді:
• Жүрек-қан тамырлары аурулары: трансмайлар «жаман» холестерин деңгейін көтереді және «жақсы» холестерин деңгейін төмендетеді, бұл ишемиялық жүрек ауруы, инфаркт және инсульт даму қаупін едәуір арттырады;
• Заттектер алмасуының бұзылуы: олар жасушалардың майларды өңдеу қабілетін бұзу мүмкін, бұл метаболикалық проблемаларға әкеледі.
⚡️Құрамында көп мөлшерде өнеркәсіптік трансжиры бар өнімдер.
✨Көбінесе өнеркәсіптік трансжирлар ұзақ сақталу мерзімі мен белгілі бір текстурасы бар өнімдерді өндіруде қолданылады:
• Маргарин және тағамдық майлар: жасанды транс майлардың ең көп мөлшері бар өнімдер;
• Кондитерлік өнімдер: печенье, вафли, торттар, пирожныйлар, кондитерлік өнімдер, қатпарлы кондитерлік өнімдер, кәмпиттер (мұнда маргарин немесе тағамдық май қолданылады);
• Фастфудтар: фри картобы, чипсылар, пончиктер, қуырылған қамыр;
• Жартылай фабрикаттар: мұздатылған пицца, наггеттер, дайын түскі ас;
• Өңделген ет: шұжық, сосиска, ветчина құрамында белгілі бір мөлшерін қамтуы мүмкін.
⚡️Тұтынушыларды тағамдық өнімдердегі трансжирлардың болуы және деңгейі туралы хабардар ету мақсатында көптеген елдерде міндетті және ерікті таңбалау қабылданды: трансжирлар деңгейінің көрсеткіші тағамдық құндылық кестесінде көрсетіледі.
✨БҰҰ-ның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тағамдық өнімдердегі транс майдың мөлшерін азайтуға, және мүмкіндігінше жасанды түрде гидрленген майларды жоюға шақырады, бұл жүрек-қантамыр ауруларының алдын алу шарасы ретінде қарастырылады.
⚡️Транс майларды азайтудың негізгі тәсілдері – өндірушілердің өздігінен реттелуі және тағам өнімдерін міндетті түрде таңбалау.