
Елдің барлық тұрғындарының ұнататын сүйікті мерекелерінің бірі - Жаңа жыл мерекесі жақындап қалды, ол толы дастарқанмен, туған-туыстар, жақындар мен достарға барумен бірге өтеді. Адамдар мерекелерге дейін алдын ала өнімдер сатып алады, түрлі тағамдар, салаттар мен кондитерлік бұйымдарды көптеп дайындайды. Дегенмен, жаңа жылдық мерекелер кезінде тамақтан улану және жіті ішек инфекциялары мәселесі ерекше өзекті болып табылады. Бұл жағдайлардың негізгі себептері жеке гигиена ережелерін сақтамау, тағамдарды дайындау немесе сақтау жағдайлары кезінде технология мен температуралық жағдайларды бұзу және жаңа жылдық дастарханнан қалған тағамдар мен басқа тез бұзылатын өнімдерді сақтау және тамақ ретінде пайдалану.

Мереке күні тағамдық улану сияқты жағымсыз салдарға жол бермеу үшін келесі профилактикалық шараларды сақтау қажет:
• жарамдылық мерзімі өткен және (немесе) қажетті сақтау шарттары сақталмаған өнімдерді тамаққа пайдалануға болмайды, яғни өнімнің өндірілген және сақталған күніне міндетті түрде қарау керек.;
• қаптамасы бұзылған және таңбалау этикеткалары (жапсырмалар) жоқ тауарларды сатып алмау;
• рұқсатсыз сауда орындарында, әсіресе үйде жасалған консервілер, кептірілген саңырауқұлақтар, балық, үйде тұздалған және ысталған шошқа майын және т.б. өнімдерді сатып алмау, оларды тұтыну ауыр улануға әкеп соқтыру мүмкін;
• қаптамасы бұзылған, тот басқан, деформацияланған немесе жапсырмасы жоқ консервілерді сатып алмау;
• жемістерді, көкөністерді, жидектерді және жасыл шөптерді қолданар алдында мұқият жуу;
• бүлінген белгілері бар жеміс-көкөніс өнімдерін пайдаланбау;
• жеке гигиена ережелерін сақтау: тамақ дайындау және тамақ ішу алдында қолдарды мұқият жуу;
• салаттарды, ұсақталған еттен және балықтан жасалған бұйымдарды, сондай-ақ құймалы өнімдерді және т.б. аз мөлшерде дайындау, өйткені олардың жарамдылық мерзімі шектеулі. Салаттарды беру алдында ғана маймен құйю керек. Тез бұзылатын тағамдар мен дайын салаттарды бөлме температурасында сақтамау;
• жаңа дайындалған тағамды алдыңғы тамақ қабылдаудан қалған өнімдермен араластырмау. Тамақ өнімдерінің қалдықтарын қолданар алдында термикалық өңдеуге жарату қажет;
• тамақ дайындау технологиясын сақтау, инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының өлуін және олардың токсиндерінің жойылуын қамтамасыз ете отырып, мұқият кулинарлық термикалық өңдеуді жүргізу;
• жабдықтарды және ас үй инвентарын таза күйде ұстау, шикі және дайын өнімдер үшін бөлек кесу тақтайшаларын және пышақтарды пайдалану.

«Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына сәйкес дайын тағамдар, салаттар, винегрет және туралған ингредиенттер (4±2)°C температурада сақталуы тиіс, олар дастарханға берілу алдында құйылады. Сорпасы құйылғаннан кейін пісірілген тағамдық компоненттердің, оның ішінде ет өнімдерінің, қайтадан қайнатылуын міндетті түрде қамтамасыз ету арқылы кілкілдек дайындалады. Кілкілдекті +25°C дейін салқындатқаннан кейін алдын ала қайнатылған формаларға құйылады. Кілкілдекті (4±2)°C температурада тоңазытқышта сақтау керек және алты сағат ішінде пайдалану керек.

Мерекелік мәзірді құрастыру кезінде рационалды тамақтану принциптерін ескеру ұсынылады. Тамақ қабылдаудың реттілігін сақтау (салаттардан бастап ыстыққа дейін) және үстелдегі өсімдік тағамдарының үлесін арттыру ұсынылады. Жаңа жыл түнінде 31 желтоқсанда аш болуға жол бермеу, артық тамақтануды болдырмау үшін күні бойы тамақ қабылдау жиілігін сақтау қажет.

Денсаулығыңызға зиян келтірмеу үшін, тексерілген өнімдерді сатып алу, олардың жарамдылық мерзімін, сақтау шарттарын және дайындау ережелерін сақтау қажет. Осы қарапайым кеңестерді орындау Сіздің және Сіздің жақындарыңыздың денсаулығын жаңа жыл мерекелерінде де, тұрақты түрде де сақтауға көмектеседі.