
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің кезекті аппараттық кеңесінде үш қызметкер мемлекеттік қызметші антын қабылдап, өздеріне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындауға дайын екендерін растады.

Ант қабылдағандар:

Алина Ермекқызы Керейбаева — Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау бөлімінің жетекші маманы;

Максим Евгеньевич Спицын — Петропавл қалалық басқарманың санитариялық-гигиеналық бақылау және техникалық регламент талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің жетекші маманы;

Арлан Ерболатұлы Ашим — Тайынша аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, жоспарлау және қызметті талдау бөлімінің жетекші маманы.

Жас мемлекеттік қызметшілерді құттықтаған Департамент басшысы Әсет Жұматаев:
«Мемлекеттік қызметшінің анты – жоғары жауапкершіліктің және өз ісіне адалдықтың символы. Алда сіздерді жаңа кәсіби жетістіктер мен халық игілігі үшін жемісті жұмыс күтіп тұрғанына сенімдімін» - деп атап өтті.