
2025 жылғы 26 желтоқсанда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған семинар өтті.

Іс-шара барысында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мәселелері, мемлекеттік қызметте болуға байланысты заңнамада көзделген шектеулерді сақтау, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің онлайн-казиноға, құмар ойындарға және бәс тігулерге қатысуына тыйым салу талаптары түсіндірілді.

Сонымен қатар ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің Антикоррупциялық стандартының (2025 жылғы 23 желтоқсандағы №145-НҚ төраға бұйрығы) негізгі ережелері айтылды.

Семинар қатысушыларына келесі талаптарды қатаң сақтау қажеттілігі ескертілді:
— Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабында көзделген талаптарды орындау;
— телекоммуникация желілері арқылы жүзеге асырылатындарды қоса алғанда, құмар ойындары мен бәс тігулерге қатысуға жол бермеу;
— мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, оның ішінде қызметтік қажеттіліктен басқа жағдайларда ойынханаларға барудан бас тарту;
— Антикоррупциялық стандартта көзделген міндеттер мен тыйымдарды бұлжытпай орындау.

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.