ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай
📌2025/2026 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-нің 33768 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық өткен жылдың деңгейінде қалып отыр.
⚡️Науқастардың ең көп саны 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалады – 22842 жағдай немесе 67,6%.
⚡️Соңғы аптада ЖРВИ ауруының 2596 жағдайы тіркелді, өткен аптамен салыстырғанда 1,3 есеге немесе 32,3%-ға төмендеу байқалады (3836 жағд.).
📌2025/2026 эпидемиологиялық маусымда A/H3N2 типті тұмаудың 173 жағдайы тіркелді.
⚡️Облыста тұмауға жатпайтын вирустар тіркелуде, мысалы: риновирустар (10), бокавирустар (😎, аденовирустар (4).
📍ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.
✨ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы.
✨ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін: үй-жайды күн сайын желдету, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарды пайдалану, аурудың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және уақытында ұйықтап, тамақтану сапасын бақылау қажет.