
2025 жылғы 12 желтоқсанда департаменттің мәжіліс залында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Тілдерді оқыту орталығының» КММ әдіскерлерінің қатысуымен оқу жылында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, сертификатқа ие болған қазақ тілі курсының тыңдаушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Департаментте мемлекеттік тілді оқыту сабақтары тұрақты негізде жүргізіледі, ортадан жоғары В2 деңгейін -12, орта В1 деңгейін – 13 қызметкер көрсетіп, 25 қызметкер сертификатқа ие болды.

Іс-шара соңында «Тілдерді оқыту орталығының» КММ әдіскерлері департамент қызметкерлеріне мемлекеттік тілді оқуда сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.