Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
⚡️12 желтоқсанда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде департамент басшысының орынбасары
А.С. Күшбасовтың төрағалығымен дифтерияның эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және профилактикасы мәселелері бойынша облыстық семинар өтті. Іс-шараға СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау аумақтық басқармаларының мамандары, АА-ның МСАК жөніндегі орынбасарлары, дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері, қалалық емханалар мен АА-ның инфекционист дәрігерлері, сондай-ақ Петропавл қаласының қалалық және облыстық медициналық ұйымдарының госпитальдық эпидемиологтары қатысты.
✨Семинардың мақсаты — дифтерияға эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жұқпалы аурулардың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың сапасы мен тиімділігін арттыру көзделді.
✨«Дифтерия ошақтарындағы індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында СҚО СЭБД инфекциялық және паразиттік ауруларға эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Б.Ж. Саду баяндама жасады.
✨СҚО ДСБ-ның облыстық штаттан тыс бас инфекционисі
Е.В. Коптяева «Дифтерияны диагностикалау және емдеу» тақырыбында баяндама ұсынды.
📌 ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК СҚО бойынша филиалының бактериологиялық зертхана маманы С.В. Сторчакова дифтерияның зертханалық диагностикасы туралы баяндама жасады. Ол материалды науқастардан алу және тасымалдау ережелері жөнінде түсіндірді.
✨Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасты. Қойылған сауалдарға толық әрі мазмұнды жауаптар берілді.