
2025/2026 жылғы эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-нің 29750 жағдайы тіркелді, сырқаттанушылық өткен жылдың деңгейінде қалып отыр.

Науқастардың ең көп саны 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалады – 20246 жағдай немесе 68%.

Соңғы аптада ЖРВИ ауруының 3647 жағдайы тіркелді, өткен аптамен салыстырғанда 1,6 есеге немесе 61%-ға төмендеу байқалады (5889 жағд.).

2025/2026 эпидемиологиялық маусымда A/H3N2 типті тұмаудың 124 жағдайы тіркелді.

Облыста тұмауға жатпайтын вирустар тіркелуде, мысалы: риновирустар (19), бокавирустар (6), аденовирустар (4).

ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.

ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы.

ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін: үй-жайды күн сайын желдету, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарды пайдалану, аурудың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және уақытында ұйықтап, тамақтану сапасын бақылау қажет.