
Қызылша – ауа-тамшы жолымен берілетін, жұқпалығы өте жоғары қауіпті вирустық ауру. Инфекция ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін: ми қабықтарының қабынуына (энцефалит), өкпенің зақымдануына (пневмония), ортаңғы құлақтың қабынуына (отит). Кейбір жағдайларда ауру өліммен аяқталуы мүмкін.

Қызылшаны арнайы емдеу әдісі жоқ. Аурудың алдын алудың жалғыз тиімді тәсілі – уақытылы вакцинация.

Қазақстанда қызылша, қызамық және паротитке қарсы (ҚҚП) біріктірілген вакцина қолданылады. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы Ұлттық егу күнтізбесі аясында 1 жас және 6 жастағы балаларға салынуда және өзін сенімді, тиімді әрі қауіпсіз вакцина ретінде көрсетті. Бұл вакцинаның өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан сертификатталған, бұл оның жоғары сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай екенін дәлелдейді. Өндіруші — Serum Institute of India Pvt. Ltd. — әлемдегі ірі вакцина жеткізушілердің бірі және өнімдерін 170-тен астам елге экспорттайды.

СҚО-да 2025 жылдың басынан бері қызылшаның 65 расталған жағдайы тіркелді (2024 жылы — 329 жағдай).
Аумақтық тиістілігі бойынша:
– Петропавл қаласында 33 жағдай тіркелді;
– 10 жағдай – Уәлиханов ауданында;
– 8 жағдай – Қызылжар ауданында;
– 5 жағдай – Айыртау ауданында;
– 2 жағдай – Мамлют ауданында;
– 3 жағдайдан – Тайынша және Ғ. Мүсірепов аудандарында;
- 1 жағдай – Аққайың ауданында тіркелді.

Аурудың алдын алу үшін екпе алу – қызылшаның ауыр салдарларымен бетпе-бет келгеннен әлдеқайда жеңіл әрі қауіпсіз.

Есіңізде болсын: сіздің және балаларыңыздың денсаулығы – өз қолыңызда!