
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің кезекті аппараттық кеңесінде Тимирязев аудандық басқармасының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, жоспарлау және қызметті талдау бөлімінің бас маманы Даниял Арманұлы Ғалымжан мемлекеттік қызметші антын қабылдап, өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқаруға дайын екендігін растады.

Департамент басшысы Әсет Жұматаев, Даниял Арманұлын құттықтап, өз сөзінде:
«Мемлекеттік қызметші анты – жоғары жауапкершіліктің әрі өз ісіне адалдықтың символы. Алда сізді жаңа кәсіби жетістіктер мен халық игілігі үшін атқаратын жемісті жұмыс күтіп тұрғанына сенімдімін»-деді.