Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌 2025 жылғы 27 қарашада СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен Департамент пен аумақтық басқарма мамандарына арналған семинар өтті. Семинарда мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдар қызметіне тартылуына жол бермеу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзудың алдын алу мәселелері қаралды.
⚡️ Баяндамамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бақылау басқармасының бас маманы
Д.С. Ермеков «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау» тақырыбында сөз сөйледі.
⚡ СҚО Дін істері басқармасының өкілі мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдар қызметіне тартылуына жол бермеу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндады.
✨ Басшының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаев мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға, соның ішінде телекоммуникация желілері мен Интернет арқылы өткізілетін ойындарға қатысуына қойылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзудың алдын алу туралы айтып өтті.
🤝 Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.