ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай
⚡️2025/2026 эпидемиологиялық маусымда ЖРВИ-дің 18 623 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 25,9%-ға төмендеген (өткен эпидмаусым – 25 130 жағдай).
✨Аурулардың ең көп тіркелуі 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалады – 12 461 жағдай немесе 66,9%.
✨Апта ішінде ЖРВИ-дің 4 397 жағдайы тіркелді.
⚡️Облыста маусымдық тұмау және басқа да ЖРВИ вирустарының айналымына мониторинг жүргізілуде. Биыл A/H3N2 типті тұмаудың 45 жағдайы анықталды, оның ішінде 33-і ересектер (73%), 12-сі балалар (27%).
✨Облыста тұмауға жатпайтын вирустар да ацналымда: риновирустар – 9, аденовирустар – 2 жағдай.
⚡️Тәуекел тобына жататын 60 000 адамға вакцина егілді, бұл жоспарланған адамдардың 100%-ын құрайды.
📍ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.
✨ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы.
✨ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін: үй-жайды күн сайын желдету, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарды пайдалану, аурудың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және уақытында ұйықтап, тамақтану сапасын бақылау қажет.