📌Құтырма – адам үшін өлімге әкелетін қауіп!

📌Құтырма – адам үшін өлімге әкелетін қауіп!
Құтырма – табиғи ошақты, аса қауіпті, өліммен аяқталатын ауру. Инфекциялық аурулар арасында құтырма ерекше орын алады, себебі дер кезінде (алғашқы сағаттарда) тиісті көмек көрсетілмесе, науқас сөзсіз көз жұмады. Құтырма емделмейді, өлім тыныс алу салдануынан және жүрек қызметінің тоқтауынан болады. Адам толық есінде жатып, ауыр азаппен қайтыс болады.
✨Солтүстік Қазақстан облысы құтырманың табиғи ошағы аймағында орналасқан. Біздің облыста табиғи ошақтардың эпизоотиялық белсенділігі қыс-көктем айларында байқалады, бұл кезеңде қауіпті вирус жабайы жануарлар арқылы елді мекендерге жиі енеді. Осылайша иттер, мысықтар, ауыл шаруашылығы жануарлары жұқтырып, адамдарға қауіптілігі артады.
📌Жүргізіліп жатқан белсенді профилактикалық шаралардың арқасында Солтүстік Қазақстан облысында 1998 жылдан бері адамдар арасында құтырма ауруы тіркелген жоқ.
⚡️Аурудың табиғи резервуары – кеміргіштер. Үй жануарлары құтырманы ауру жабайы жануарлармен байланысудан жұқтырады. Инфекция тасымалдаушылары тек үй және ауыл шаруашылығы жануарлары ғана емес, сонымен қатар жарқанаттар да болуы мүмкін. Негізгі жұқтыру көздері: жабайы жануарлардан – қасқырлар, түлкілер, шибөрілер, еноттәрізді иттер, скунстар, жарқанаттар және кеміргіштер; үй жануарларынан – иттер мен мысықтар.
✨Адамдардың құтырманы жұқтыруы көбіне ауру жануарлар тістегенде немесе сілекей арқылы болады.
⚡️2025 жылдың 10 айында облыс халқы арасында эпидемиологиялық жағдай тұрақты, құтырмамен ауыру адам арасында тіркелген жоқ. Осы кезеңде облыс бойынша 1469 адам антирабиялық көмекке жүгінген.
✨Вирус жараға сілекей арқылы түсіп, жүйке талшықтары бойымен орталық жүйке жүйесіне таралады. Жұқтырған сәттен бастап ауру белгілерінің пайда болуына дейін бірнеше күннен бір жылға дейін уақыт өтуі мүмкін. Жануарлар тістеген барлық адамдар жара орнын сабынды сумен кемінде 15–20 минут жууы керек, жара жиегін 70% спиртпен немесе 5% йод тұнбасымен өңдеп, медициналық мекемеге тез арада жүгінуі қажет. Медициналық мекемеде құтырмаға қарсы екпе тегін жүргізіледі.
⚡️Қолданыстағы талаптарға сәйкес иттерді байлауда немесе үйшікте ұстау керек, серуенге шығарарда міндетті түрде қарғыбау мен тұмылдырық тағу қажет. Үй жануарларының қаңғыбас иттермен және жабайы жануарлармен байланысуына жол бермеу керек. Барлық иттерге құтырмаға қарсы вакцина егілуі тиіс.
✨Құтырманың емі жоқ. Аурудың алдын алудың жалғыз жолы – вакцинация! Профилактикалық екпелер ауыртпай жасалады және оңай өтеді. Вакцинация кезеңінде дәрумендер мен ақуыздарға бай тағамдармен қоректену, тоңу мен қызып кетуден, шаршаудан сақтану, алкогольдік ішімдіктерден бас тарту ұсынылады.
⚡️Вакцинаның тиімділігі оны уақытылы жүргізуге байланысты. Әрбір жіберіп алған күн – өлімге әкелетін қауіп! Өзіңізді қорғаңыз!