«QazMed» төрағасының СҚО-ға жұмыс сапары және сала қызметкерлерін марапаттау

«QazMed» төрағасының СҚО-ға жұмыс сапары және сала қызметкерлерін марапаттау
📌2025 жылғы 18 қарашада «QazMed» медицина және онымен сабақтас салалар қызметкерлерінің кәсіподағы» РҚБ төрағасы Әлиақпар Болатұлы Матишев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына келді.
✨Ол СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің және ҚР ДСМ СЭБК «Ұлттық сараптама орталығы» РМК ШЖҚ СҚО филиалының ұжымымен кездесу өткізді.
📌Әлиақпар Матишев «QazMed» кәсіподағының құрылу тарихы мен құрылымы туралы айтып, ұйымның күші оның ашықтығы, айқындығы және мүшелерінің сенімінде екенін атап өтті.
📕Іс-шара барысында «QazMed» алғашқы кәсіподақ ұйымының Ұлттық сараптама орталығының СҚО филиалы бойынша кәсіподақ ұйымдастырушысы Жансұлу Қошымбайқызы Тасбулатова азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды.
🎖️ Сондай-ақ, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Тұрғымбекұлы Жұматаев салалық кәсіподақтың «Белсенді қоғамдық жұмысы үшін» медалімен марапатталды.
🎖️«Ұлттық сараптама орталығы» СҚО филиалының директоры Қайырғали Қапизұлы Исенеев Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ қозғалысына 120 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.