
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген
«Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының»
(бұдан әрі – Қағидалар) 33-тармағына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – СЭҚ) нысанды тексеру
жүргізбей қайта ресімдеу келесі жағдайларда көзделген:
1) құжатта қателердің (баспа қателерінің) анықталуы;
2) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына сәйкес заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру;
3) объектінің нақты орнын ауыстырмай, мекенжайының өзгеруі;
4) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауының өзгеруі;
5) объектінің мақсаты, қызмет түрі, технологиялық процесі, қуаты мен құрылымдық сипаттамалары өзгермеген жағдайда, жұмыс істеп тұрған объектіні басқа тұлға меншігіне алған кезде.
❗Маңызды:
Объект жалға (немесе сенімгерлік басқаруға) берілген жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу
көзделмеген. Қайта ресімдеу тек меншік құқығы басқа тұлғаға өткен кезде ғана жүзеге асырылады.
СЭҚ қайта ресімдеу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
• белгіленген нысандағы өтініш (Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес);
• тиісті өзгерістерді растайтын құжаттар (сатып алу-сату, сыйға тарту шарты, қайта ұйымдастыру туралы құжат, мекенжай
немесе атау өзгерісі және т.б.) – Қағидалардың 2–5-тармақтарында көрсетілген жағдайларда.
ЖЕКЕ КАБИНЕТТЕ СЭҚ ҚАЙТА РЕСІМДЕУ ФУНКЦИОНАЛЫ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА, www.elicense.kz порталы арқылы ЖАҢА ӨТІНІШ беру қажет. Ол үшін келесі бөлімдерді таңдау керек: «Денсаулық сақтау» – «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру». Одан кейін жүйеде міндетті өрістерді толтырып, қажетті құжаттардың орнына Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес
өтініш нысанын және тиісті өзгерістерді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.
Егер www.elicense.kz ақпараттық жүйесі осы жағдайға қатысы жоқ құжаттарды сұратқан жағдайда, жүйеде өтініш беру рәсімін аяқтау үшін бос (скан-көшірме түріндегі) файлдарды тіркеуге рұқсат етіледі.