
2025 жылғы 12 қарашада СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған семинар өтті.

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.М. Әріпхан «ҚР ӘҚБтК-нің 826-бабы талаптарына сәйкес жеке ұйғарым енгізу» тақырыбында баяндама жасады.

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А.В. Барданова 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша әкімшілік іс жүргізу нәтижелеріне талдау ұсынды.

Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы В.А. Дзубан ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен дербес деректерді қорғау мәселелері туралы айтты.

С.М. Барменбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сақтау және Әдеп кодексінің талаптарын орындау қажеттілігін атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.