
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде департамент басшысының орынбасары Күшбасов А.С. төрағалығымен медициналық ұйымдардағы өндірістік бақылау мәселелері бойынша облыстық семинар өтті.

Семинар аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарының, емдеу ісі жөніндегі директор орынбасарларының және медициналық ұйымдардың эпидемиологтарының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

«Медициналық ұйымдардағы өндірістік бақылау» тақырыбында ауруханаішілік инфекцияларды бақылау бөлімінің басшысының м.а.
С.В. Чеканова баяндама жасады.

«Облыстық көпсалалы аурухана — Перинаталдық орталық» ШЖҚ РМК эпидемиолог-дәрігері Г.А. Аждарова
«Облыстық көпсалалы аурухана — Перинаталдық орталықтағы» ШЖҚ РМК өндірістік бақылау тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.