
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аумақтық басқарма мамандарын оқыту мақсатында семинар-кеңес өтті.

Семинар барысында СҚО азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіндегі радиациялық және химиялық барлау қызметінің жұмысын ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.