
Құрметті кәсіпкерлер, «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» (E- SEN) сервистік бағдарламалық өнімін енгізу бойынша бизнес субъектілерін оқытуды өткізу туралы хабардар етеміз (бейнеконференция режимінде).
E- SEN ақпараттық жүйесі санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын бақылаудағы объектілер мен өнімдердің деректерін басқаруға арналған. Жүйе санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары үшін де, цифрлық ақпарат алмасуды қоса алғанда (оның ішінде бизнестің жеке кабинеті арқылы), бизнес субъектілері үшін де функционалдық мүмкіндіктерді көздейді.
Бизнес субъектілері үшін «Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау» (E- SEN) сервистік бағдарламалық өнімін енгізу бойынша оқыту 2025 жылғы 24 қазанда сағат 11:00-де және 15:00-де өтеді.
https://meet.google.com/jnh-ikwp-brg сілтеме бойынша бейнеконференцияға қосылу