ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай
⚡2025-2026 жылдардағы эпидемиялық маусымның басынан бастап ЖРВИ-дің 5383 жғ. тіркелді.
⚡️Науқастардың ең көп саны 14 жасқа дейінгі балалар арасында байқалуда – 3757 жғ. немесе 69,8%.
✍️Соңғы аптада облыста ЖРВИ-дің 2340 жағдайы тіркелді.
💉2025 жылдың 23 қыркүйегінен бастап облыста тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Тәуекел тобына жататын адамдар үшін ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды.
💉Тегін негізде вакцинациялау тәуекел тобына жататын адамдарға: медицина қызметкерлері, медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар, сәбилер, балалар үйлерінің балалары, қарттар үйлерінің контингенті, эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша (2-3 триместрдегі жүкті әйелдер, созылмалы аурулары бар адамдар, 65 жастан асқан адамдар және т. б.) тіркелген жері бойынша емханада жүргізіледі.
💉Бүгінгі таңда тәуекел тобына жататын адамдар арасынан 32152 адам (соның ішінде балалар - 4013, ересектер - 28139) егілді.
📍ЖРВИ мен тұмау ауруының негізгі белгілері: жоғары температура, жалпы интоксикация, әлсіздік, тамақ ауруы, мұрын бітелуі.
✨ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет, дәрігерді үйге шақыру керек, ауруды таратпау үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек. Ұзақ мерзімді ауру көбінесе асқынулар тудырады. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және қауіптісі – өкпенің қабынуы.
✨ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін: үй-жайды күн сайын желдету, қолды мұқият жуу, антисептик құралдарды пайдалану, аурудың көтерілу кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардан бас тарту не бетперде тағу, иммунитетті нығайту, спортпен шұғылдану және уақытында ұйықтап, тамақтану сапасын бақылау қажет.