
2025 жылғы 13 қазанда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
С.М. Барменбаевтың төрағалығымен «Respublica» партиясы жанындағы Re:women әйелдер қауымдастығының кәсіпкерлерімен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша семинар өтті.

Ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы В.А. Дзубан департамент пен аумақтық басқармалар көрсететін мемлекеттік қызмет түрлері туралы ақпарат ұсынып, оларды алу тәртібін, мерзімдерін және көрсетуден бас тарту негіздерін түсіндірді.

Тамақ объектілерін бақылау бөлімінің басшысы М.Б. Давлетбаева Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығының ережелерін егжей-тегжейлі баяндап, мемлекеттік қызметтер алу рәсімдерін түсіндіріп, оларды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер тізімін ұсынды.

Петропавл қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы А.А. Мизамбаева қызметтер көрсету барысында нормативтік талаптарды қолданудың практикалық аспектілерімен бөлісіп, қалалық басқарма қызметінен мысалдар келтірді

Талқылау барысында семинарға қатысушылар санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру рәсіміне және мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдеріне қатысты сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға баяндамашылар тиісті түсініктемелер берді.

Қорытындылай келе, Департамент басшысының орынбасары С.М. Барменбаев қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдіріп, мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды тұрақты түрде дамыту мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың маңызды шарты екенін атап өтті.