
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде басшының орынбасары Т.Л. Горлованың төрағалығымен семинарлар өтті.
Семинар тақырыптары:
«Кеден одағының техникалық регламенті КО ТР 022/2011 “Тамақ өнімдерінің таңбалануына қойылатын талаптардың сақталуы» және «2025 жылдың 9 айындағы бақылау мақсатында сатып алудың нәтижелері».

Семинарға СҚО кәсіпкерлік субъектілері, «Атамекен» ҰКП өкілдері және аумақтық басқармалардың мамандары қатысты.

Департамент басшысының орынбасары
Т.Л. Горлова тамақ өнімдерін таңбалау мәселелері мен 2025 жылдың соңына дейін орындалуы тиіс бақылау мақсатында сатып алуға қатысты негізгі міндеттер туралы айтты.

Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Г.Б. Умарова КО ТР 022/2011 талаптарына сәйкес тамақ өнімдерін таңбалау ережелері және 2025 жылдың 9 айындағы бақылау мақсатында сатып алынғандардың нәтижелері туралы баяндама жасады.

Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.