Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌 2025 жылғы 26 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен аумақтық басқарма мамандарына арналған семинар өтті.
⚡️Баяндамамен құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.М. Әріпхан «Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулерді ұйымдастыру тәртібі және бақылау мен қадағалау субъектісіне (нысанына) бармай профилактикалық бақылауды жүргізу тәртібі» тақырыбында сөз сөйледі.
⚡️Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А.В. Барданова 2025 жылдың 8 айының нәтижелері бойынша әкімшілік іс жүргізуге жасалған талдауды ұсынды.
✨С.М. Барменбаев мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулері, олардың қызметтік әдеп қағидаттары мен мінез-құлық нормалары туралы айтты.
🤝 Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.