Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌2025 жылғы 24 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «Бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидалары және бақылау мақсатында сатып алудың нәтижелері бойынша қабылданатын шаралар» тақырыбында семинар өтті.
⚡️Іс-шара техникалық регламенттердің талаптарын сақтау мәселелері бойынша аумақтық басқармалар мамандарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу және практикалық көмек көрсетуге бағытталды.
✨ Талқылау барысында 2025 жылға арналған бақылау мақсатында сатып алу жоспарын дұрыс орындау, зертханалық зерттеу хаттамаларын бағалау, есептік деректерді уақтылы ұсыну және дұрыс толтыру, биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды, сондай-ақ жедел ден қою шараларын (ЖДҚ) қабылдау тәртібі түсіндірілді.
⚡️ Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, барлық қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алды.