📌Солтүстік Қазақстан облысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын марапаттау рәсімі өтті.

📌Солтүстік Қазақстан облысында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарын марапаттау рәсімі өтті.
⚡️Марапаттау биыл Қазақстанда алғаш рет атап өтілген жаңа кәсіби мереке – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскері күніне орай ұйымдастырылды.
✨Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Қанат Малғаждарұлы Дүзелбаев құттықтау сөз сөйлеп, мамандардың жоғары кәсіби біліктілігін және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауын атап өтті.
📒Іс-шара қорытындысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан үлесі және адал еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Алғыс хатымен:
• Гүлнара Мейрамқызы Сеитова – департаменттің бөлім басшысы;
• Райхан Дарапқызы Дюсембинова – Есіл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы;
• Эрна Эдуардқызы Фирсова – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері марапатталды.